
Әбілқайыр хан (Кіші жүз)
Әбілқайыр хан, Әбілқайыр Мұхаммед Қазы Баһадүр хан (1693 — 12 тамыз 1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. 1708 — 1709 жылдары башқұрттар Әбілқайырды өздеріне хан етіп сайлаған. Ол – кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білушілігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізген, батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саяхатшылығы мен бірбеткейлігі