Қаракесек — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Кіші жүздегі алты ата Әлімұлынан тарайды. Қаракесектен:

  • Жылқыайдар
  • Есіл
  • Тобыл
  • Алжан аталары таратылады.

Бірқатар ғалымдар (Н.А.Аристов, т.б.) Қаракесек руын Орта жүздегі Арғын тайпасындағы қаракесектермен туыс деп жорамалдайды. Қаракесек руы негізінен 19 ғ-дың 2-жартысы — 20 ғ-дың басында Ырғыз, Қазалы уездерін мекен етіп, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Қыстаулары: Құланды, Қаратал түбектерінде және Сырдарияның жағасын бойлай орналасқан. Таңбасы — көсеу. 1787 жылдың қыркүйек айында старшын болып Қаракесек руына-Сегізбай би, Байұлына- Торманбет би, Жетіруға — Тіленші батыр келеді. Көп ұзамай, бұл билік те өзгеріске ұшырады. Сонымен ақырында Қаракесек тайпасының билігі — Сартай батыр биге, Қаракөбек би, Мұратбек би қолдарына көшті.