Төртқара — Кіші жүз Алшын Әлімұлы тармағы.

Кіші жүз Алшын Төртқарасы
Төртқара – Алшын Әлімұлының тармағы. Төртқара М.И. Тевкелевтің, А.Левшиннің деректерінде ру ретінде жазылады. 19 ғасырдың аяғында әлімұлынан тараған ру бірлестігі ретінде айтылады.

Шежіре деректері бойынша Төртқарадан:

  • Қараш
  • Оразкелді (Әлімұлы)
  • Ораз
  • Жаншүкір аталары шыққан

Бұл төртеуінен Тоқпан, Аппақ, Қасым, Торым, Бақшақ, Мазы, Келтеқара, Құламан, Құлтас, Ақкиіз, Қаракісі, Сейітқұл, Шобан, Тәлтекем, Қонысбек, Қаракемпір аталары өрбіген. Бұл деректер 16 – 17 ғасырларға жатады.

Қазан төңкерісіне дейін Жетісу облысы Қапал мекендеген. Өзге Төртқараның негізгі қыстауы Сырдың төменгі ағысы, жаз Қарақұмнан өтіп, Ырғыз, Өт өзендерінің бойын жайлаған. Енді бір аталары таңбасына қарағанда керей тайпасынан тарайды. Төртқаралар негізінен Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Самарқандта (Нұратада), Қарақалпақстанда тұрады. Төртқарадан Жалаңтөс баһадүр, Әйтеке би шыққан. Найман, Матай-Төртқара руының шежіресі. Құраст: Б. Қазығұлов, М. Қазамбаев. Алматы, Атамұра, 2004, 208 бет.