Терістаңбалы, терістамғалы — Найман тайпасының бірлестігі. Шежіре деректерінде Найманнан Терістаңбалы (кейде Елата), Саржомарт (Ергенекті Найман), Төлегетай тараған. Этнограф Ә.Марғұланның жазбасында:

  • Найманнан — Тоқпан, Елата, Өкіреш.
  • Екінші ұлынан — Келбұға, Кетбұға (Кетбұқа)
  • үшіншісінен — Төлегетай тараған.

Терістаңбалы адам есімі емес, лақап атауы болуы да мүмкін. Бұл жайында бір ізгілік жоқ. Көптеген шежірелерде Терістаңбалыдан (Елата) тараған, Келбұғадан — Балталы, Кетбұғадан — Бағаналы ру болып қалыптасқан. Кетбұғаның таңбасы да Бағаналымен бірдей. Халық екеуін қатар айтады.

Енді бір шежіреде Терістаңбалыдан — Мәмбет, Рысқұл, сірә бұл екі ата Бағаналы, Балталыдан ілгері ата болса керек.

Терістаңбалы Наймандар 19 ғ-да Ертіс бойын, Көкшетау аймағын мекендеген. 1839 ж. дерек бойынша Терістаңбалы 557 түтін (үй)