Ергенекті — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан тарайды. Ергенекті Саржомарт, Бура, Көкжарлы аталарына бөлінеді. Ергенекті руы Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Ұлан, Самар өңірлерін, Кереку, Семей төңірегін қоныстанған. Біраз бөлігі Таулы Алтай, Моңғолия мен Қытай қазақтары арасында кездеседі. Ұраны —Қаптағай. Таңбасы — Ергенек.