Батыр руы — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздегі Сіргелі тайпасынан Бораш, Кеңірдек, Тұрымбет рулары таратылып, соның Борашынан Батыр руы тармақталады. Батырдан Есболат, Ескене, Есназар аталары бөлінеді. Батыр руының атауы парсы деректері мен қытай жылнамаларында да кездеседі. Ұраны — Тоғанас. Таңбасы — Сірге.