Ойсын.Аліхан.Арыстан.Бораш.Көңірдек

Ойсын ұрпағы Бораш Жанібек хан қызына көңілі кетеді,хан қызы да оны ұнатады.Нəтижесінде  хан қызы екіқабат болып қалады.Бораш мырзаның əйелі бар болған ол кезде бірнеше əйел алу қалыпты жəне атақты Ойсын ұрпағы Бораш мырза.Ол хан қызын айттырады хан қызын бермек болады. Сонда уазірі қырғиқабақ Хан қараға қызын бермес,оданда құдалық той жасап,тоқсан тоғыз отау тіктіріп,ең ақырғы үйден ор қазып жендетті қойып,барлығын қырып жіберу керек дейді.Хан бұл сөзге мақұл келіп,Ойсылдың балашаға,қатын қалашымен тойға барған елеулі адамдарының барлығын қырып жібереді.Жорықта жүрген Арыстан батыр мен тубегі Тұрымбет аман қалады.Хан ордасындағы Алтын Қайшылы Ізбикеде тірі қалады.Хан қызы түнде толғатып ұл туады.Хан акесінен қорқып жане жаурамасын деп оны толғатқан жердегі көңмен жауып қояды.Оны Алтын Қайшылы Ізбикеге жасырын береді, атын Көңірдек деп қояды.Ізбике Қайшылы Көңірдекті өз балдарымен бірге асырап ер жеткізеді. Ал хан жергілікті халықтың қаһарынан қорқып, Ертіс асып кетеді.Кейін Ойсынды қырған жер Өлікті атанып кетеді.З.С.Қаржани.Біз Қазақ.ҚасСақпыз

Мақаланың авторы: Куандык Арипбаев