Тутаңбалы – Ұлы жүз бірлестігіне енетін рулардың түп атасы. Шежіреші Батыршаның деректері бойынша майқыдан – бақтияр, одан ойсыл, үйсін. Ойсылдың 30 ұлы болған. Содан тараған үрім-бұтақтары: Тутаңбалы (өтеп), байлы, бораш. Байлыдан сіргелі руы, ал бораштан қайшылы руы тарайды. Аз тараған Тутаңбалы атасы сіргелімен еншілес болып, сіргелі атанып кеткен. Рузбеханның “Михманнама-и “Бұхара” атты шығармасындағы дерекке қарағанда 15 – 16 ғасырларда Ташкент пен Сыр бойында тұрған ноғайлы елінде үштаңбалы, төрттаңбалы, Тутаңбалы аталған рулар болған. Қазан төңкерісіне дейін Тутаңбалы сіргелі, қатаған, қайшылы, құрама ру-тайпаларымен араласып, Ташкентті мекендеген.

Сырымбет Ойсыл қырғынында қаза болған соң оның бауыры ту ұстаушы Тұрымбет  жорықта болып аман қалған болатын. Тұрымбет амеңгерлік жолымен Алтын Қайшылы Ізбикені алады.Одан кейін Тутаңбалы аталатын Манап деген ұл табады. Осылардың ұрпағы Тутаңбалы Елшібек батыр 1725жылы Абылай ханның əкесі Уали Сұлтанмен бірге Түркістанды Жоңғарлардан қорғаған. Соғыста Уали сұлтан қайтыс болып,он төрт жасар Абілмансұр жетім қалады.Соған орай қала халқының өтініші бойынша Елшібек батыр нағашысы Қоңырат Төлебай батыр екеуі соғысты тоқтатып,сұлтанның жас баласы Абілмансұрды қасына адам қосып,Ташкенттегі Төле би қолына тəрбиеленуге жібереді.

Елшібек батыр-1729ж Аңырақай шайқасында жоңғарлардың айбынды саналатын зеңбірекшілер тобын жойып,қазақ жасақтарына жол ашып берген.З.С.Қаржани.Біз Қазақ.ҚасСақпыз

Мақаланың авторы: Куандык Арипбаев