Сары қаңлы — Ұлы Жүз Қаңлы тайпасының тармағы. Қазақ шежіресі бойынша Қаңлыдан-Қанкөжек-Келдібек. Соңғы атаның бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сары Қаңлы Бұдан тараған ұрпақ Қазан революциясына дейін Сыр бойын, Ташкент төңірегін, Жетісуды мекен етті. Сыр бойындағылары өздерін Сары Қаңлының 5 атасынан (Ақбота, Ақынқожа, Талқожа, Омыртқа, Миям) Жетісудағылары да 5 атадан таратады. Бірақ Жетісудағы Сары Қаңлы аталарының аты өзгеше. Олар: Әлсейіт, Түрке,Шоқпар, Құйысқансыз, Шанышқылы. Бұлар туралы шежіре ғылыми жүйеге келтірілмеген.