Есқожа — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасынан таратылады. Шапыраштыдан малды, екей, еміл рулары тарайды. Емілден таралатын Жайық пен Есқожа жасынан батырлығымен аты шыққан қолбасшы, көріпкел абыз болған. Есқожадан — Алысай, Алтынай, Шуаш аталары тарайды. Есқожа руынан Қарасай, Әуез, Өтеп, Түрікпен, Көшек, Кәпике, Қараш, Кастек, Бәйтелі, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Саурық, Сұраншы сияқты батырлар, атақты билер, шешендер шыққан. Ұраны — Қарасай, таңбасы — Ай, тұмар (Шапырашты таңбасымен бірдей).