Айқым — қазақ халқының құрамындағы ру.

Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына кіретін Шапырашты тайпасынан таратылады. Ұраны — Қарасай, таңбасы — ай, тұмар. Айқым руы Верный уезін мекендеген. Қыстаулары — Ақши, Қарғалы, ұзын-Қарғалы деген жерлерде болған, бір бөлігі — Айдос, Қасқабұлақ, Қызылауызды қыстаған. Ежелден Есік, Түрген, Іле өзендерінің жоғарғы және орта ағысын иеленген. Шыбыл, Асыл, Есқожа дейтін аталас рулармен көрші отырған. Айқым Қайдауыл, Сейтқұл, Қалқаман деген үш атаға бөлінеді.