Тоқарыстан — Ұлы жүз Суан тапасынан тараған ру. Шежіре деректері бойынша, Тоқарыстаннан:
- Мұрат,
- Орыс,
- Тұрлыбек аталары тараған.
Қазан революциясына дейін Жаркент уезін мекендеген. Негізгі шаруашылығы жартылай көшпелі жағдайда мал өсіріп, егіншілікпен айналысқан.
Рулық ұраны — Райымбек, Таңбасы — дөңгелек.