Төре – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын ұрпақ, қазақ даласында әлеуметтік топ. Олар қазақ руларынақосылмайтын өз алдына дербес қауым болып саналған. Төрелер өздерін “ақсүйек” қатарына жатқызған. Қазақ қоғамында хандартек төрелерден шыққан сұлтандар арасынан сайланатын.

Төрелер әкімшілік және сот билігін жүзеге асырды. Сонымен қатар олардың соғыс кезінде жасақ құрып, оған қолбасшылық ету құқығы болды. Қазақ жүздерінің Ресейге қосылуы барысында Орта жүз бен Кіші жүзде бірте-бірте хандық жүйе жойылып, төрелер қазақ қоғамының саяси-экономикалық өмірінде бұрынғыдай рөл атқара алмады. Қазақстанда 1867 – 1868 жылдардағы реформалардың енгізілуі төрелердің экономикалық және саяси артықшылықтарын біржола жойды.

Қожалар (парсыша: «хваджа» خواجه — қожайын, мырза, ие‎) — Орталық Азияда ислам дінін таратуда белсенділік танытқан әулеттер. Қожалар арғы тегі бойынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі халифалар Әбу Бәкр ас Сыдық (632 – 634), Омар (634 – 644), Оспан (644 – 656) және Әли Әбу Талиб (656 – 661) ұрпағы болып есептеледі. 13 ғасырдың 1-жартысында Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақи жазып қалдырған “Насабнама” шежіресінде дін таратушы Ысқақ Баб (Баб Ата), Әбдіжәлил Баб (Абд ал Жалил, Хорасан Ата), Әбдірахим Бабтардың (Абд-ар-Рахим) Орталық Азия аумағына 1366 жылы келгендігі айтылады. Қожалардың қазақ жеріне жаппай көп келуі әсіресе Ақсақ Темір заманынан кейін өте қарқынды жүрген. Оған дейін тіпті Шыңғыс хан заманында да Қожалар қазақ жерінде болғаны жөнінде дерек жоқ. Шыңғыс әскерінің құрамындағы тайпалар тәңір дінін, кей тайпалар христиандықтың да тармағын ұстанған. Мысалы Қожалар қазақ даласына көшпелі тайпалардың көсемі Байдібек би өмір сүрген 6-7 ғасырда келді деген деректер кездеседі. Бұл жалған дерек. Ол заманда қазақ даласында ислам да қожа да болмаған. Бұл кейбір шала сауатты рушылдардың шығарып жүрген ертегісі. Түркі даласына келген қожалар орта ғасырларда түрлі сопылық ағымдарды ұстанды. Әли Әбу Талибтің арабтың халифа тайпасынан алған әйелі Хауладан туған имам Мұхаммед ибн ал-Ханафиядан тарайтын қожалар әулеті Қожа Ахмет Иасауи тариқатының өкілдері болып табылады. Осы тариқаттағы қожалар Алтын Орда мемлекеті дәуірінен бастап, қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды. Қожа — парсы тілінен енген бұл сөзбен Орталық Азияда төмендегі топтарды атаған.

Мұхаммед пайғамбардың және төрт халифасынан тараған ұрпақтар.
Жергілікті халыққа Ислам дінін уағыздаған, дін жолында білім берген тұлғалар және олардың ұрпақтары.
Атақты Нақшбанди сопы ұстазы Ахмад Касанидің (1461-1542) ұрпақтары аталады. Қожалар Шынжаңдағы ұйғырәлеуметінің арасында жетекшілік атқарып келген. Махдум-и-азам (ұлы ие) деген жанама атпен де белгілі Ахмад Касанидің өзі шығыс Түркістанда ешқашан болмаса да, оның «махдумзадалар» деп аталып, «қожа» атағына ие ұрпақтары 17-19 ғасырларда сол аймақтың саясатында маңызды роль атқарған.
Сунақ – этникалық топ. Негізінен Сығанақ қаласының ежелгі тұрғындарынан қалыптасқан. Шежіре деректерінде Сунақты Орта жүз бен Кіші жүздің байырғы тайпаларымен, кейбіреулері Қожалармен (Сунақ аты – Хазрет Аллама Абу-л-Хасан, Зийа-ад-Дин Шайх Сығнақи әулие) байланыстырады. Сунақ — Қазақстанның оңтүстігінде көп таралған.

Сунақтардың шығу тегі Һысамиддиннен (Сұнақ-атадан) тарайды. Арғы тегі Абу Бакр Сыддықтан басталады. Сунақ-ата шамасы 1080-1160 жылдардың арасында өмір сүрген. Қожа Ахмет Иассауидің қарамағында бас имам болған, әулие, «Нихая» кітабының авторы. Сунақтардың ұраны қожалармен ортақ «Қожа Ахмет Иассауи». Қожалар мен Сунақтар бір топқа жатады. Сунаққорған аймағына алғаш келген ислам миссионарлері «Өздерінің – идеялық ұраны ретінде «Құдай бір, пайғамбар хақ, сунна – ақ» деп жариялап, көп құдайға табынушылар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізген». Осыған байланысты бұл қағиданы таратушы адамды Суннит демей «Сунна – ақ» деген арқылы «сунақ» дей жүріп, халық арасында олар осылай аталып кеткен».